Аятолла Систани: Діндер арасындағы өзара сыйластық пен отбасы институтын сақтау керек
(last modified Thu, 03 Aug 2023 15:07:20 GMT )
Там 03, 2023 21:07 Asia/Almaty
  • Аятолла Систани: Діндер арасындағы өзара сыйластық пен отбасы институтын сақтау керек

Ирак шиіттерінің діни үлемі әлем католиктерінің жетекшісіне жазған хатында: "Қатыгездікті жоюға бағытталған талпыныстарды арттырып, адам құқықтарына көңіл аударып, діндер арасындағы өзара сыйластық пен отбасы институтын сақтау керек",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Әли Систани әлем католиктерінің жетекшісі Франциск папаның Иракқа сапары және аятолла Систанимен кездесуінің екінші жылдығына орай жіберген хатына жауабында: "Зұлымдықты жоюға көбірек көңіл бөлу керек. Түрлі қоғамдарда әділет пен тыныштыққа жету үшін барынша талпыныс жасау керек",-деді.

Ирак шиіттерінің діни үлемі әлем католиктерінің жетекшісіне жазған хатында: "Мен сіздің әлемнің түкпір-түкпірінде жапа шеккендер мен жәбір көргендерді қорғауға көбірек талпыныс жасау керек деген пікіріңізге қосыламын. Өйткені Батыс пен Шығыстың көптеген жерінде түрлі этностар мен әлеуметтік топтар діни-идеологиялық қудалауға ұшырап, олардың басты бостандықтары басып-жаншылып, әлеуметтік әділетсіздікке ұшырап жатыр",-деді.