Иранның әуе-ғарыш ұйымы Каспий теңізінде су деңгейінің төмендегенін растады
(last modified Sat, 12 Aug 2023 14:51:13 GMT )
Там 12, 2023 20:51 Asia/Almaty
  • Иранның әуе-ғарыш ұйымы Каспий теңізінде су деңгейінің төмендегенін растады

Иранның әуе-ғарыш ұйымы 10 жыл бойы қашықтан бақылау және тексеру нәтижесінде соңғы 2 жылда Каспий теңізінде су деңгейінің төмендегенін растады.

Иранның әуе-ғарыш ұйымы жерсерік түсірген суреттерді пайдаланып, әлемнің ең үлкен көлі саналатын Каспий теңізінің су деңгейін зерттеді.

Шамамен 10 жылды қамтитын зерттеуде Каспий теңізінің түрлі бөліктері су деңгейі тұрғысынан бағаланды.

Иранның әуе-ғарыш ұйымы: "Каспий теңізінде су деңгейі төмендеді. Егер бұл үдеріс алдағы жылдары жалғаса беретін болса, жағалау елдері үшін көптеген экологиялық мәселелер туындайды",-деді.