Түркияда нан бағасы көтерілді
(last modified Sat, 12 Aug 2023 16:04:37 GMT )
Там 12, 2023 22:04 Asia/Almaty
  • Түркияда нан бағасы көтерілді

Түркияның Жоспарлау министрлігінің соңғы сауалнамасына сәйкес, Стамбұлда төрт адамдық бір жанұяның күнделікті шығындары 73 пайызға артты.

Түркияның Сауда министрі Омер Болат: "Үкімет елдегі жағдай бақылаудан шығып, бағалардың көтерілуіне себеп болатын іс-әрекеттерге тосқауыл қоюға тырысады",-деді.

Түркияның Демократия және даму партиясының төрағасы Әли Бабаджан: "Инфляциямен күресу үшін жан-жақты үйлескен бағдарлама болмаса, жұмыссыздық пен кедейлік арта береді, негізгі қажеттіліктерге жауап беру мүмкін болмайды",-деді.

Сарапшылардың айтуынша, әлі ауыр экономикалық дағдарыстан шыға қоймаған Түркия экономикасы басқа бір дағдарысқа ұшырап отыр. Кез келген жаңа экономикалық саясат нәтиже беру үшін кемінде бір жыл керек.

Тегтер