Моссадтың Стамбұлда Иранға қарсы тыңшылық ісінің жаңа қырлары ашылды
Сионистік режимнің Моссад тыңшылық қызметінің Стамбұлда Иранға қарсы тыңшылық ісінің жаңа егжей-тегжейі ашылды.
Түркияның The Star ақпарат сайтының осы елдің қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік режимнің Моссад тыңшылық қызметі мүшелерінің Стамбұлдағы зерттеулерінің аяқталғанын хабарлап: "Осы қызметтің басты мүшесі Селжұқ Кучуккайя жеке детектив ретінде Моссадқа жұмыс істеген. Ол Түркияның қауіпсіздік ұйымы тарапынан Стамбұлда жүргізілген шара барысында ұсталды",-деп жазды.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Үшінші көз сарапшысы" деген атпен құрылған арнаның басты ұйымдастырушысы "Таннер Сезгин" деген құпия атпен Иранмен сауда қатынасын жасайтын бір компания мен 23 адамға қарсы тыңшылық жасаған.
The Star ақпарат сайтының хабарлауынша, Селжұқ Кучуккайя Моссадтан қолма-қол немесе криптовалюта түрінде 90 мың еуро алып, тыңшылық жасаған.