Америкалық басқыншылар Ауғанстанда жеңіліс тапты
(last modified Wed, 16 Aug 2023 20:20:28 GMT )
Там 17, 2023 02:20 Asia/Almaty
  • Америкалық басқыншылар Ауғанстанда жеңіліс тапты

Ауғанстандағы Талибан үкіметі басқыншылардың осы елдегі талпыныстарының жеңіліс тапқанын айтты.

Талибан үкіметі АҚШ басқыншылығының аяқталғанына екі жыл толғанына орай жасаған мәлімдемесінде: "Басқыншылардың барлық талпыныстары жеңіліс тапты. Ешбір басқыншы күш қару-жарақтар мен қастандықтардың көмегімен Ауғанстанның күрескер халқының ерік-жігерін мұқалта алмайды",-деп мәлімдеді.

Ауғанстанда басқыншылармен күресу жаңа тақырып емес. Талибан мұны өз мүддесіне орай қолданғысы келеді. Ауғанстан халқы 19, 20 және 21 ғасырларда өз заманының үш алпауытын жеңіп, елден шығарды.  

Англия, Кеңес одағының Қызыл әскері мен АҚШ Ауғанстанды басып алған еді. Олардың Ауғанстан халқының діні, мәдениеті мен салт-дәстүрінен еш хабары жоқ болатын. Олар ауған халқын басқа елдерді отарлағандай басып алып басқарамыз деп ойлады. Ауғанстан – Ахмад шах Масуд сияқты тұлғалардың ұлы бесігі. Ел жастары отарлаушылар және басқыншылармен күресте осындай тұлғалардан үлгі алады.

Саяси сарапшы сейіт Иса Хұсейни осы туралы: "Ауғанстан – кедей ел. Бірақ бұл басқыншылық пен қорлыққа көнеді деген сөз емес. Бұл елдің халқы ауыр күндерге төтеп беретінін, дағдарысты жағдайда бірлесе отырып ұлы істер атқара алатынын көрсетті",-деді.

Сейсенбі күні 15 тамызда Ауғанстанда басқыншылық аяқталғанына екі жыл толуына орай елде ресми түрде демалыс жарияланып, түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Алайда Ауғанстан халқын бір жағынан таңғалдырып, екінші жағынан алаңдатқан нәрсе мынау: неге бұл елде қауымдардың басшылары бейбітшілік пен тыныштықта бір-бірімен елдің даму бағдарламасын ілгерілете алмайды?

Бұл мынаны білдіреді: Ауғандар шетелдік басқыншыларға қарсы бірлесіп, оларды елден шығара алады. Бірақ басқыншылық аяқталғаннан кейін Ауғанстан басшылары қиын күндерді ұмытып, билікте қалу үшін бір-біріне қару кезеніп, елді қайтадан азаматтық соғыс пен дағдарысқа ұшыратады. 

Тегтер