Қазақстан Президенті Вьетнамға барды
Там 21, 2023 19:49 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның жоғары лауазымды басшыларымен кездесіп, өзара ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылау үшін Ханойға барды.
Бұған дейін бұл сапар Қазақстанның Абай облысында ауқымды өрт болғандықтан кейінге қалдырылған болатын.
Fars ақпарат агенттігінің Астанадан хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапарда жоғары деңгейде келіссөздер өткізумен қатар кәсіпкерлермен кездеседі.
Вьетнам басшыларымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.