Там 22, 2023 00:08 Asia/Almaty
  • Швеция мен Данияның елшілері Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Швеция мен Данияда Құран кітабына құрметсіздік көрсету акциялары жалғасып жатқандықтан осы екі елдің елшілерінің міндетін атқарушылары Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің адам құқығы департаментінің басшысы Швеция мен Данияда Құран кітабына құрметсіздік көрсету акцияларын қатты айыптап, осы екі елдің елшілерінің міндетін атқарушыларына: "ИИР Құранды қорлау акцияларының ауыр салдарларына жауапкершілік Швеция мен Дания үкіметтерінің мойнында болады деп санайды",-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің адам құқығы департаментінің басшысы Ислам революциясы жетекшісінің Құранға қарсы қылмыс жасауды қолдауды ислам әлеміне қарсы әскери сап түзеу деп атағанына тоқталып, мұндай арандатушы әрі қатерлі әрекеттердің қайталануына қатысты ескерту жасады.

Данияның елшісінің міндетін атқарушысы өз үкіметінің Құранды қорлауды айыптайтынын айтып, Иранның наразылығын үкіметке дереу жеткізетінін мәлімдеді.    

Тегтер