Францияда үш күнде бір әйел қаза табады
Франция ІІМ-нің статистикалық мәліметіне сәйкес, 2022 жылы елде 118 әйел күйеуі немесе бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан.
Францияда жұптар арасында кісі өлтіру әрекеттері көбейіп барады. Орташа есептегенде елде үш күнде бір әйел қаза табады.
Әйелдерді өлтіруге қарсы күресуге арналған ұлттық ассоциацияның басшысы Сандрин Буш бұл жағдайға өкініш білдіріп: "Қашанғы тамашалаушы ғана болып, осы сұрқия құбылыстың құрбандарын санап отырамыз",-деді.
Сандрин Буш әйелдерді қорғауға шынайы саяси ерік-жігердің жоғына өкініш білдіріп, әйелдерге қарсы қатыгездікпен күресуге тиісті құралдар мен мүмкіндіктердің жоғына тоқталып: "Біз әйелдердің сөз бостандығынан бас тартпаймыз. Әйелдердің шырылдап жатқанына жылдар болды, бірақ біз олардың дауысын естімейміз. Бұл – шынымен алаңдататын жағдай",-деді.