Қыр 08, 2023 15:33 Asia/Almaty
  • Иран Каирде өткен араб-жапон саяси диалогтар отырысының ішкі іске араласушы мәлімдемесіне реакция білдірді

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Каирде өткен араб-жапон саяси диалогтар отырысында жасалған Иранның үш аралы туралы іске араласушы мәлімдемеге реакциясында: "Бұл аралдар – Иранның ажырағысыз бөлігі",-деді.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани бейсенбі күні: "Әбу Мұса, Тонб-е бозорг, Тонб-е кучек аралдары – ИИР-дың мәңгіге ажырағысыз бөлігі. Аталмыш мәлімдемеде осы үш аралдың сөз болуының саяси-құқықтық тұрғыдан еш құны жоқ",-деді.

Насер Канани араб-жапон саяси диалогтар отырысының ортақ мәлімдемесінде ирандық үш аралдың аталуына кесімді түрде қарсы шығып, оны халықаралық  заңдар, соның ішінде елдердің ішкі іске араласпау және аумақтық тұтастығына құрметпен қарау принципіне қайшы деп атады.

Тегтер