АҚШ Украинадағы соғысты кеңейтуге әрекеттенуде
(last modified Tue, 12 Sep 2023 10:12:44 GMT )
Қыр 12, 2023 16:12 Asia/Almaty
  • АҚШ Украинадағы соғысты кеңейтуге әрекеттенуде

АҚШ басшылары Байден әкімшілігінің Украинаға кассеталық бомбалармен қаруланған ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандарды беруді мақұлдау алдында тұрғанын хабарлады. Олардың айтуынша, Украинаға кассеталық бомбалар сәтті жеткізілгеннен кейін Вашингтон ATACMS немесе GMLRS немесе екеуін де Киевке беруді қарастырып жатыр.

ATACMS зымырандарының ұшу қашықтығы 199 миль (320 км) және кассеталық бомбалармен қаруланған GMLRS зымырандары 45 мильге (72 км) дейін жетеді. ATACMS жүйесі 300-ден астам шағын бомбаларды атқылай алады және GMLRS зымыран жүйесі де 404 кассеталық бомбаны ұшыруға қабілетті. Вашингтон "Украинадағы қарсы шабуылда ілгерілеушілік нышандары байқалуда, сондықтан АҚШ үкіметі Украина армиясын осындай қиын кезеңде күшейткісі келеді"  деп мәлімдейді. Бірнеше ай бойы АҚШ үкіметі ATACMS зымырандарын Украинаға жіберу-жібермеу туралы шешім қабылдауға тырысты, өйткені оларды Киевке жеткізу Ресейге қарсы толығымен агрессивті әрекет болып саналады. 320 шақырым қашықтыққа жететін ATACMS зымыраны Украина өткен жылдан бері қолданып жүрген HIMARS зымырандық жүйесінің қашықтығынан төрт есе артық нысанаға шабуыл жасай алады. Басқа жағынан, Украина мен Ресей арасындағы соғыс шиеленіскен кезде, американдық заң шығарушылардың екі жақты тобы осы елдің президенті Джо Байденнен Украинаға неғұрлым қуатты және ұзақ қашықтықтағы қару жүйелерін, соның ішінде ATACMS тактикалық зымыран жүйесін беруді сұрады. Әзірге Вашингтон HIMARS жүйелерінен де атылуы мүмкін ATACMS зымырандарын Украинаға жіберуден бас тартты. АҚШ Киевтің бұл зымырандарды Ресей аумағына шабуыл жасау үшін пайдаланып, бұл шиеленісті күшейту қаупі бар деп алаңдап отырғанын мәлімдейді.

Байден үкіметінің көзқарасы бойынша, Ресейдің Украинадағы соғыста, тіпті НАТО-ға жақын жерде жеңіске жетуі бұл әскери ұйымның беделін түсіріп, Ресейдің аймақтық және халықаралық ықпалы мен күшінің кеңеюін білдіреді және Еуропадағы қауіпсіздік, әскери және саяси теңдеулерді Батыстың зиянына өзгертеді. Сондықтан Америка үкіметінің логикасында бұл сценарийді жүзеге асыруға кедергі келтіретін кез келген әрекет, оның ішінде  алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды қолдану ақталады. Сондай-ақ, АҚШ президенті Джо Байден мен оның үкіметінің жоғары әскери және қауіпсіздік шенеуніктері Украина соғысы Ресейге мүмкіндігінше қарсы тұруға және оны әлсіретуге, сайып келгенде, көпполярлы жүйенің толық қалыптасуына тосқауыл қоюға бірегей және қайталанбас мүмкіндік берді деп санайды. Сондықтан олар Украинадағы соғыста Ресейдің жеңіске жетуіне қалай болса да жол бермеуге бекінген.

Тегтер