Ливиядағы алапат су тасқынының құрбандар саны артты
(last modified Thu, 14 Sep 2023 15:52:41 GMT )
Қыр 14, 2023 21:52 Asia/Almaty

Ливия Парламентінің Өкілдер палатасының кеңесшісі: "Елдегі алапат су тасқынынан құрбан болғандар саны 8 мың адамнан асты",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливия Парламентінің Өкілдер палатасының кеңесшісі сәрсенбі күні: "Осы елдің солтүстік-шығысында болған нөсер жауын мен алапат су тасқынында қаза тапқандардың саны 8 мыңнан асты. Ал із-түссіз жоғалғандардың саны 10 мыңнан асты",-деді.

Сондай-ақ ең көп зардап шеккен Дерна қаласының әкімі: "Ауданда нөсер жауын мен алапат су тасқынынан зардап шеккендер саны 20 мың адамға жетті",-деді.

Ливия басшылары су тасқыны құрбандарының саны 10 мың адамға жететінін болжаған болатын.

Дерна қаласы "Даниэль" дауылы салдарынан қатты зардап шекті. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан нөсер жауын салдарынан қираған үйлер мен балшыққа батқан көліктерді көруге болады.