Ұлыбританияда Украинаға қару-жарақ жіберуге қарсылар митинг өткізді
(last modified Sun, 17 Sep 2023 10:59:14 GMT )
Қыр 17, 2023 16:59 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда Украинаға қару-жарақ жіберуге қарсылар митинг өткізді

Наразылар Ұлыбритания Премьер-министрінің кеңсесі алдына жиналып, осы елдің Украинаға әскери күш пен қару-жарақ жіберу саясатын айыптады.

Олар Украинаға қару-жарақпен көмектесуді Ұлыбританияның салық төлеушілерінің қаражатын босқа жұмсау және бұл көмектерді Украина халқына пайдасыз деп атады.

Ұлыбритания үкіметі АҚШ-тан кейін Украинаға ең көп қару-жарақ жібергенін хабарлады.

Осы жағдайда британдық ақпарат құралдары осы елдің бұрынғы бір әскери қызметкерінің Украина соғысында қаза тапқанын хабарлады. Данил Брок былтыр Украинаға барған болатын. Оның денесі жуырда Ресей күштерімен қақтығыстардың алғы шебінен 44 км жерде табылды. Бұған дейін бірнеше британ азаматы мен әскери қызметкері Украина соғысында қаза тапқан болатын.