Қыр 20, 2023 16:11 Asia/Almaty

ИИР Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында: "Әлем жаңа жүйеге ауысып жатыр. Жаһанды америкаландыру жобасы жеңіліс тапты",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сенбі күні кешке БҰҰ Бас ассамблеясының 78-ші отырысында әлемге үлгі болғысы келген либерал-демократияның ғибрат алар дәріске айналып, өзінің ақырына жақындап қалғанын айтып: "Әлем өзгеріп, жаңа халықаралық жүйеге ауысып жатыр. Бұл – қайтымсыз жол. Батыс үстемдік ететін жүйе енді әлем үшін тиімділігін жоғалтты. Тойымсыз капиталистер мен үстемшілдердің мүддесіне қызмет ететін көне либералдық жүйе жойылды",-деді.

Иран Президенті: "Жаһанды америкаландыру жобасы жеңіліс тапты. Иран халқы Ислам революциясының арқасында Шығыс пен Батыс үстемшілдерінің бетпердесін ашуда ең көп ағартушылық рөл ойнағанын мақтан тұтады",-деді.

Раиси Иранның сенімінше қайтадан Шығыс пен Батыс блоктары құрылмауы керегін айтып: "Иран көршілес елдермен пайдалы қарым-қатынастың жаңа кезеңін бастады. ИИР-дың тату көршілестік саясаты – аймаққа жақсылық тілейтін саясат. Біз көршілес елдердің қауіпсіздігін өзіміздің қауіпсіздігіміз санаймыз. Достасу үшін қол созған кез келген адамды жылы шыраймен қарсы аламыз",-деді.  

Раиси баяндамасының басқа бір бөлігінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын уәдеге адалдық принципін сөзсіз бұзу болып табылатынын айтып: "АҚШ үкіметі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу арқылы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаудан бас тартты. Осындай қатынасынан кейін АҚШ өз уәждеріне керісінше іс жүзінде ынтымақтастықтың орнына заңнан қашып, күш көрсетуді  ұсынып отыр",-деді.

Ол АҚШ-тың ниетінің түзу екенін, міндеттемелерін орындауға шынайы ерік-жігерге ие екенін және басталған жолды аяқтауға дайын екенін дәлелдеп, сенім тудыруы керек екенін айтып, еуропалықтарға: "Санкцияларды жоюға қатысты міндеттемелерін орындамай, енді "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзып отырған еуропалықтар шығынды жолда жылдам жүру арқылы жеңіліс табатынын білуі тиіс",-деп ескерту жасады.  

Раиси, сондай-ақ, Батыстағы адам құқығы, әсіресе әйел құқығының жағдайын сынап: "Әлемде ең үлкен әйелдер түрмесіне ие АҚШ әйелдердің құқығына шынайы алаңдай ала ма? Иранға қатысты маңызды фактілер цензураға ұшырап, әлемнен жасырылған. Осы уақытқа дейін Иран халқының химиялық қарулармен бомбаланғаны туралы ештеңе айтылмады. Бұл қаруларды кейбір еуропалық елдер Саддамға берді. Бірақ осы аралықта әлемге Иран жайлы таралған көрініс – сенімді мағлұматтарды жасырып, жарамсыз мәліметтерді таратудың нәтижесі",-деді.

Иран Президенті бір Құран кітабын қолына алып, БҰҰ сахнасында Оған құрмет көрсетіп, исламофобия мен мәдени апартеидті адамзаттың қадір-қасиетіне қайшы әрекет деп атап: "Осындай жиреніш таратудың артында үлкен жоспарлаушы бар. Бірақ Құранның тағылымдары адамзат қоғамы үшін ешқашан жоғалмайды. Қорлау мен бұрмалау оты ақиқатпен шарпыса алмайды",-деді. 

Тегтер