Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Иран мен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруы мен ілгерілеуіне ризалығын білдірді
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Хұсейн Ибрахим Таха Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы аясында Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахианмен кездесіп, сұхбаттасты.
Хұсейн Ибрахим Таха кездесуге ризалығын білдіріп, Иранның ислам әлеміндегі ұстанымының маңыздылығына тоқталып: «Біз Иран мен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастардың жақсару және ілгерілету үдерісіне ризамыз және оны ислам әлемінің мүддесі деп санаймыз. Ислам әлемінің алдында тұрған қауіп-қатерлерге, соның ішінді Израильге қарсы тұру мүмкіндігі тек Ислам әлемі мен Ислам елдерінің бірлігімен мүмкін. Ислам елдері арасындағы мәселелер мен түсінбеушілік диалог арқылы шешілуі керек",- деді. Ол сондай-ақ Ислам әлемінің қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы күшінің маңыздылығына тоқталды.