Иран Нетаньяхудың сөздеріне реакция білдірді
(last modified Sun, 24 Sep 2023 11:42:45 GMT )
Қыр 24, 2023 17:42 Asia/Almaty
  • Иран Нетаньяхудың сөздеріне реакция білдірді

БҰҰ-дағы Иран делегациясы сионистік режим Премьер-министрінің сөздеріне жауабында: "Иран БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқықтар аясында сионистік режим тарапынан жасалған кез келген қоқан-лоқы мен әскери шараға жауап беруге қақылы",-деді.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ-дағы Иран делегациясы өз баяндамасында: "Иранофобия және бұрмаланған ақпараттар тарату – БҰҰ Бас ассамблеясындағы Израиль режимі басшыларының баяндамасындағы әрдайымғы күн тәртібі және сайқымазақ қойылымдарының бірі",-деді.

Иранның баяндамасында: "Халықаралық қауымдастықтан заңдылық таппағанына қатты ашулы Израиль режимі қоғамнан өз қылмыстарын жасыру үшін кез келген тақырыпта басқаларға айып тағып, ұзақ жылдар бойы лаңкестік топтар мен нәсілшіл саясатты қолдауға талпынып келеді",-делінген.

Ирандық делегация: "Сионистік режим Премьер-министрі Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын халықаралық бейбітшілікке қауіп деп көрсетуге талпынды. Бұл режим жаппай қырып-жоятын қарулардың түр-түріне ие бола отырып, халықаралық хаттамаларға қосылудан бас тартып, Батыс Азия аймағын ядролық қарусыздандыруға басты кедергі болып отыр. Бұл режимнің өкілі ұялмастан БҰҰ Бас ассамблеясы сияқты ең биік мінберден осы ұйымның жарлығына толық қайшы әрекет жасап, басқа елдерге әскери шабуыл жасаймын деп сес көрсетті",-деді.

Тегтер