Раиси: Иранға атом бомбасы қажет емес
Иран Президенті CNN телеарнасына берген сұхбатында сионистік режимнің Парсы шығанағы маңындағы араб елдерімен қарым-қатынасты қалыптандыру тақырыбына және ядролық мәселеге тоқталды.
Раиси АҚХА-ның кейбір инспекторларының Иранда жұмыс істеу рұқсаты күшін жойғаны туралы: "Теһран үкіметі АҚХА инспекторлары Иранда болмасын деген жоқ. Иранның АҚХА-мен ядролық нысандарды тексеруге қатысты ешқандай проблемасы жоқ",-деді.
Раиси Батыс елдері мен сионистік режимнің Иранның бейбіт ядролық бағдарламасын бейбіт емес деп көрсету үшін тағып жатқан негізсіз айыптары туралы: "Біз атом бомбасын қолдану және жалпы қырып-жоятын қаруларды пайдаланудың бағдарламамызда жоғын сан рет мәлімдедік. Неге? Біз мұндай қаруға сенбейміз. Қажетсінбейміз",-деді.
Иран Президенті сөзінің басқа бір бөлігінде сионистердің араб елдерімен қарым-қатынасты қалыптандыру келісімдері туралы жалған жарнамаларына реакциясында: "Ислам әлемінің ең қадірлі екі қаласына ие болып отырған Сауд Арабиясымен қарым-қатынас орнату сионистік режим үшін ең ірі жүлде болмақ. Бұл Батыс Азияның геосаяси жағдайын өзгертеді",-деді.