Германиялықтар Украинаға жаңа әскери көмек беруге қарсы шеру өткізді
Қыр 25, 2023 19:47 Asia/Almaty
Германияның оңтүстік-батысында жүздеген адам көшеге шығып, Украинаға жаңа әскери көмек беруге қарсылық білдірді.
Германия үкіметі Украинаға 400 млн еуролық жаңа әскери құрал-жабдықтар беруге келісім бергеннен кейін елдің оңтүстік-батысында жүздеген адам бұған қарсылық ретінде шеруге шықты.
Russia Today арнасының хабарлауынша, Германияның оңтүстік-батысындағы Хайльбронн қаласында жүздеген адам шеруге шығып, Берлин үкіметінің саясаттарына қарсы және Украина армиясына қару-жарақ жіберуге қарсы ұран айтты.
Германия Қорғаныс министрлігі жексенбі күні Киевке 400 млн еуролық жаңа әскери көмек беретінін хабарлады.