Кремль: Армения бұрынғыдай Ресейдің одақтасы болып қала береді
Кремльдің баспасөз өкілі: "Ресей бұрынғыдай Арменияны өз одақтасы санайды. Бұл елмен түрлі сатыларда сұхбатымызды жалғастырамыз",-деді.
Дмитрий Песков: "Ресей Армения басшылары, соның ішінде осы елдің Премьер-министрі Никол Пашинянмен сұхбаттарын жалғастырады. Бірақ Ресейдің бейбіт бітімгер күштерін кінәлі деп көрсету үшін жасалып жатқан талпыныстарға қарсымыз",-деді.
Ақпарат құралдарының жексенбі күні хабарлауынша, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бір сөзінде осы елдің көне одақтасы Ресейге қарсы өткір сын айтып, қазіргі шетелдік қауіпсіздік механизмдерін Армения үшін "тиімсіз" деп атады.
Песков Пашинянның осы сөзіне реакциясында: "Біріншіден келіссөздер жалғасуда. Осындай ауыр күндерде Армениямен сұхбаттарды түрлі деңгейлерде жалғастырамыз",-деді.