Кремль: Армения бұрынғыдай Ресейдің одақтасы болып қала береді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i72574-Кремль_Армения_бұрынғыдай_Ресейдің_одақтасы_болып_қала_береді
Кремльдің баспасөз өкілі: "Ресей бұрынғыдай Арменияны өз одақтасы санайды. Бұл елмен түрлі сатыларда сұхбатымызды жалғастырамыз",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 25, 2023 22:07 Asia/Almaty
  • Кремль: Армения бұрынғыдай Ресейдің одақтасы болып қала береді

Кремльдің баспасөз өкілі: "Ресей бұрынғыдай Арменияны өз одақтасы санайды. Бұл елмен түрлі сатыларда сұхбатымызды жалғастырамыз",-деді.

Дмитрий Песков: "Ресей Армения басшылары, соның ішінде осы елдің Премьер-министрі Никол Пашинянмен сұхбаттарын жалғастырады. Бірақ Ресейдің бейбіт бітімгер күштерін кінәлі деп көрсету үшін жасалып жатқан талпыныстарға қарсымыз",-деді.

Ақпарат құралдарының жексенбі күні хабарлауынша, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бір сөзінде осы елдің көне одақтасы Ресейге қарсы өткір сын айтып, қазіргі шетелдік қауіпсіздік механизмдерін Армения үшін "тиімсіз" деп атады.

Песков Пашинянның осы сөзіне реакциясында: "Біріншіден келіссөздер жалғасуда. Осындай ауыр күндерде Армениямен сұхбаттарды түрлі деңгейлерде жалғастырамыз",-деді.