Ұлыбритания «Нұр 3» жерсерігінің сәтті ұшырылуынан алаңдауда
Иранның жас ғалымдарының «Нұр 3» бейне жерсерігінің сәтті ұшырылуына қатысты жаңа жетістігі Англияға тағы да қорқыныш пен ашу-ызаны әкелді.
Иран Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап: "Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің баллистикалық зымыран бағдарламасын тоқтату туралы бірнеше рет өтінішіне қарамастан мұны жасады. Иранның әрекеттері оның халықаралық шектеулерді елемейтінін дәлелдейді және бұл елдің жаһандық қауіпсіздікке елеулі қатер төніп тұрғанын көрсетеді",- деп уәжленді. Лондон Иранның зымырандық және ядролық бағдарламасына қарсы мәлімдемелерді қайталап, Иранның бұл ұлы жетістігін жаһандық қауіпсіздікке қатер деп атады.
Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Иса Зарепур өткен сәрсенбіде «Нұр 3» бейне жерсерігінің сәтті ұшырылғанын хабарлады. Ол: "Ислам революциясы Сақшылар корпусының аэроғарыш күштері мамандарының талпыныстарымен «Нұр 3» бейне жерсерігі ирандық «Қасед» тасымалдаушы жерсерігімен бірге жердің 450 км орбитасына сәтті орналастырылды",- деп жазды. Зарепур: "Биылғы жыл еліміздің ғарыш саласы үшін жемісті жыл болады",- деп қуаттады.