Иран: ЭЫҰ-ға мүше елдер арасында визаны алып тастауға тырысамыз
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрі ЭЫҰ-ға мүше елдер арасында туристерге жеңілдік жасау керегін айтып: "Иран ЭЫҰ-ға мүше елдер туристерінің өз территориясында болуын жеңілдетуге бар күшін салады және СІМ-нің әріптестігімен елдер арасында визаны алып тастау жолында әрекет етеміз",-деді.
Сейіт Изатулла Зарғами Шейх Сафиаддин Ардебилидің тарихи кешеніндегі Хатаи галереясында өткен ЭЫҰ-ға мүше елдердің Туризм министрлерінің бесінші отырысында: "Біз ЭЫҰ-ға мүше елдер туристерінің ИИР-да болуын мүмкіндігінше жеңілдету бағытында жұмыс жасай бастады. Солардың бірі – виза беруді жеңілдету. Бұл салада Иран СІМ-мен тығыз байланыс орнатылды. Адамдар оңай қарым-қатынас жасауы үшін біртіндеп елдер арасында визаны алып тастау бағытында әрекет етеміз",-деді.
Зарғами: "Егер қандай да бір себеппен кейде елдер арасындағы саяси байланыста түсініксіздік орын алса, бәрі елдер арасында туристік сапарларды сақтап қалуға тырысады деген ойдамыз. Өйткені сапар – әлемдегі барлық адамдардың қалауы мен құқығы",-деді.