Канани Газа секторындағы әл-Момадани ауруханасына жасалған шабуылды айыптады
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы сионистік режимнің Газа секторындағы әл-Момадани ауруханасына жасаған шабуылын айыптады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани бұл шабуылды бір соғыс қылмысы әрі геноцид деп атап: "Сионистік режим Палестина халқының құқығына қарсы сорақы қылмыстарын жалғастырып, жаңа бір қорқынышты қылмыс жасап, тағы да өзінің жауыз мінезін бүкіл әлемге көрсетіп, соғыс кезінде ешбір халықаралық принциптер мен ережелерді мүлде сақтамайтынын дәлелдеді",-деді.
Канани Иран халқы мен үкіметінің Палестина халқына, соның ішінде айуандық қылмыстан қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтып: "Осы оқиғада шәһид болғандардың қаны Палестина халқының ерік-жігерін өз жерін басқыншылардан азат ету жолында арттыра түсетіні анық",-деді.