Газа секторында атысты уақытша тоқтату жобасы қарастырылуда
Иран Сыртқы істер министрі: "Қатар басшыларымен ортақ отырыстарда Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу үшін атысты уақытша тоқтату жобасы қарастырылды",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні кешке Түркиядан қайтып келген соң тілшілерге берген сұхбатында: "Қатар басшыларымен ортақ отырыстарда саяси бастама аясында Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу және қарсыласу күштері мен сионистік режим арасында тұтқындармен алмасу мақсатында атысты уақытша тоқтату жобасы қарастырылды",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі: "Катар ұсынған атысты уақытша тоқтату жобасын қарастырып жатырмыз. Бірақ соққыдан қатты есеңгіреп, бастары айналып қалған сионистер әйелдер, балалар мен бейбіт тұрғындарды үсті-үстіне бомбалап жатыр",-деді.
Амир Абдуллахиан сондай-ақ Түркия басшыларымен келіссөздер туралы: "Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Иран Президенті Ибрахим Раисидің ислам елдері басшыларының деңгейінде шұғыл жиналыс өткізу туралы ұсынысымен келісетінін жариялады",-деді.