Исмаил Хания Ислам революциясы жетекшісінің қабылдауында болды
Бейруттегі ХАМАС-тың өкілі Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияның Теһранға барып, соңғы күндері Ислам революциясының жетекшісімен кездескенін хабарлады.
Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Усама Хамдан: "ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания бірнеше күн бұрын Теһранға барып, Иранның Ислам революциясы жетекшісімен кездесіп, сұхбаттасты",-деді.
Ол: "Бауырларымыз қарсыласу өзегінде біздің халқымыз, қарсыласу күштеріміз және халықтық қозғалыстарымызбен бірге болғанын мақтан тұтамыз",-деді.
Усама Хамдан: "Біз Ливанда исламдық қарсыласу күштерінің қолдауын мақтан етеміз. Ирак мен Йемендегі исламдық қарсыласу күштерінің жауынгерлеріне сәлем жолдаймыз",-деді.
Усама Хамдан: "Арабтардың ресми позициясы әлсіз. Газадағы қырғынның деңгейінде емес",-деді.