Раиси: ЭЫҰ аясында еркін сауда аймағын құру қажет
(last modified Fri, 10 Nov 2023 11:40:03 GMT )
Қар 10, 2023 17:40 Asia/Almaty
  • Раиси: ЭЫҰ аясында еркін сауда аймағын құру қажет

Иран Президенті ЭЫҰ-ға мүше елдер басшыларының 16-шы саммитінде ЭЫҰ аясында еркін сауда аймағын құру және Газа халқына қолдау білдіру керегін баса айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси: "Дамушы экономикалар мен даму үстіндегі елдер жаңа жаһандық жүйені қалыптастыруда бұрынғыдан да маңыздырақ рөл ойнай алады",-деді.

Иран Президенті: "Елдер арасындағы көпжақты және аймақтық экономикалық ынтымақтастық желісі осы мәселені шешуге көмектесуі керек. Осы салада ЭЫҰ және оның аймақтағы ынтымақтастық механизмі даусыз әлеуетке ие.  Осы әлеуетті пайдалану үшін еселене әрекет етіп, қосымша күш жұмсау қажет",-деді.

Раиси сондай-ақ сионистік режимнің қылмыстарын айыптау және Газа халқын қолдау туралы сөйлеп жатқан кезде бір сәтке сөзін тоқтатып, қатысушылардан Газа шәһидтерінің рухына "Фатиха" бағыштауды сұрады.

Раиси: "Сионистік режимнің Газадағы Палестина халқын бомбалап жатқанына бір айдан аса уақыт өтті. Осы аралықты халықаралық қауымдастық, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сионистік режимнің осындай көлемдегі айуандық қылмыстарымен бетпе-бет келуге қауқарсыз екенін көрсетіп, жеңіліс тапты",-деді.