Иран киногерлері Газаны қолдап хат жазды
Қар 13, 2023 17:21 Asia/Almaty
Теһранның Бейбітшілік мұражайы мен Иранның кинематография үйі БҰҰ Бас хатшысына ортақ хат жолдап, Палестина халқын өлтіруді тоқтатуды талап етті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның 100-ден аса киногері осы хатта Антониу Гутерриштен қоршаудағы Газаның бейбіт тұрғындары, соның ішінде әйелдер мен балаларға жасалып жатқан зұлымдықтың алдын алуға бар күшін салуды сұрады.
Осы хатта: "БҰҰ Бас хатшысы өз орнын ескеріп, сионистік режимнің Газаға шабуылын тоқтатсын",-делінген.