Канани: "Шипа" ауруханасына шабуыл – халықаралық қауымдастықтың үнсіздігінің салдары
(last modified Mon, 13 Nov 2023 12:59:22 GMT )
Қар 13, 2023 18:59 Asia/Almaty
  • Канани:

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Газадағы "Шипа" ауруханасының суреттерін көрсетіп: "Әл-Момадани ауруханасына шабуыл жасағанда әлем үнсіз қалғандықтан сионистік режим есіре түсіп, "Шипа" ауруханасына шабуыл жасады",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани баспасөз конференциясында: "Сионистік режим Газадағы "Шипа" ауруханасын толық қоршауға алып, оны атқылап жатыр. Ал негізі әлемнің барлық жерінде ауруханалардың жанына ескерту тақталары ілінген",-деді.  

Насер Канани: "Негізі халықаралық қауымдастық сионистік режимге қарсы тұруы тиіс. Ал сионистік режим АҚШ-тың қолдауына сүйеніп қылмыс жасап жатыр",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "БҰҰ өз міндетін орындап, соғысты тоқтатады деп үміттенеміз",-деді.

Насер Канани АҚШ үкіметінің ұстанымдары туралы: "АҚШ қоғамдық пікірді бұрмалауға тырысып жатыр. Сондай-ақ Иранға қарсы негізсіз айыптауларын жалғастыруда. Аймақтағы қарсыласу топтары Ираннан бұйрық алмайтынын, өз мүдделеріне сай жоспарларын орындап жатқанын сан рет жарияладық",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы атом бомбасын қолданамыз деп сес көрсеткендер туралы: "Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатындар мен оны қысым құралы ретінде пайдаланатындар сионистік режимнің ықтималды қылмыстарына жауапты болуы тиіс",-деді.

Тегтер