Мәскеуде Иран мен Ресейдің сауда мүмкіндіктерінің форумы ашылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i7375-Мәскеуде_Иран_мен_Ресейдің_сауда_мүмкіндіктерінің_форумы_ашылды
Иран мен Ресейдің сауда мүмкіндіктерінің форумы бейсенбі күні екі елдің бір топ қайраткерінің қатысуымен Мәскеуде ашлыды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 13, 2016 16:22 Asia/Almaty
  • Мәскеуде Иран мен Ресейдің сауда мүмкіндіктерінің форумы ашылды

Иран мен Ресейдің сауда мүмкіндіктерінің форумы бейсенбі күні екі елдің бір топ қайраткерінің қатысуымен Мәскеуде ашлыды.

Иран мен Ресейдің сауда мүмкіндіктерінің форумы Иран ислам республикасының Мәскеудегі экономикалық көрмесі аясында екі елдің жекеменшік бөлімінің ынтымақтастықтарын кеңейту және экономикалық байланыстардың құнын жылына қазіргі шамамен 2 млрд доллардан таяу болашақта 10 млрд долларға жеткізу мақсатында өткізіліп жатыр.

Форумда экономикалық-сауда ынтымақтастығының перспективалары, тауар импорты мен экспортына қатысты техникалық және қолданбалы тақырыптар, логистика, қамсыздандыру, екі ел арасындағы құқықтық және заңды тақырыптарға шолу жасалады.

Сәрсенбі күні Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары Моджтаба Хосроу Тадж және Ресейдің Өнеркәсіп министрінің орынбасары Георгий Каламановтың қатысуымен Мәскеуде ашылған Иранның экономикалық әлеуеттері жөніндегі үш күндік арнайы көрмеге 110 ирандық компания мен түрлі салалардың, соның экономикалық, индустриалдық, сауда және туризм бөлімдерінің 700 өкілі қатысуда.

Осы көрме аясында екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығы мұрсаттарын көбірек пайдалану тақырыбымен ресейлік және ирандық компаниялардың өкілдері арасында 1500 келіссөз өтеді.