Иравани: Газа халқы соғыс қылмыстарының куәсі болуда, жанашырлық  таныту жеткіліксіз
(last modified Tue, 21 Nov 2023 13:04:30 GMT )
Қар 21, 2023 19:04 Asia/Almaty
  • Иравани: Газа халқы соғыс қылмыстарының куәсі болуда, жанашырлық  таныту жеткіліксіз

Иранның БҰҰ-дағы елшісі және өкілі: "Газа халқы сионистік режимнің соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстарына куә болып отыр және мұндай жағдайда жанашырлық жеткіліксіз",- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Саид Иравани дүйсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында Газадағы жағдай туралы: "Әлемнің атысты тоқтату талабына, соның ішінде Бас ассамблея мен Қауіпсіздік кеңесінің гуманитарлық тоқтату туралы өтінішіне қарамастан, Газа халқы әлі де сионистік режимнің айуандық соғысынан зардап шегуде. Мұндай жағдайда жанашырлық жеткіліксіз. Жалпы күтілетін нәрсе - 121 мүшенің көпшілігі мақұлдаған Бас Ассамблея қарарының негізгі осьтері, әсіресе тез арада және ұзақ мерзімді атысты тоқтатудың маңызды тармағы Қауіпсіздік Кеңесі қарарының мазмұнында да қайталануы керек",- деп баса айтты.

 

Тегтер