Сенбі күні Газаға 61 гуманитарлық көмек көлігі жіберілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i74024-Сенбі_күні_Газаға_61_гуманитарлық_көмек_көлігі_жіберілді
БҰҰ: "Сенбі күні азық-түлік, су мен жедел медициналық құралдар тиеген 61 гуманитарлық көмек көлігі Мысырдан Газаға жіберілді",-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 26, 2023 21:28 Asia/Almaty
  • Сенбі күні Газаға 61 гуманитарлық көмек көлігі жіберілді

БҰҰ: "Сенбі күні азық-түлік, су мен жедел медициналық құралдар тиеген 61 гуманитарлық көмек көлігі Мысырдан Газаға жіберілді",-деп мәлімдеді.

БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңесі өз мәлімдемесінде: "ХАМАС пен Израильдің бітім туралы келісімінің екінші күнінде 11 жедел жәрдем көлігі, 3 автобус пен төсекпен жабдықталған 1 автобус Газаға жіберілді. Олар әл-Шифа ауруханасында қалған жаралыларды тасымалдауы керек",-деді.

БҰҰ-ның мәлімдеуі бойынша атысты тоқтату бітімінің бірінші күні 200 жүк көлігі Мысырдағы Ницана шекаралық өткеліне барып, 187 жүк көлігі жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:00-ға дейін Газаға кірді.  

БҰҰ сондай-ақ осы уақытқа дейін Газа секторына 129 мың литр сұйық отын жеткізілгенін айтты.