Иран делегациясы Дубайдағы климаттың өзгеруі жөніндегі конференциядан шығып кетті
(last modified Fri, 01 Dec 2023 14:22:55 GMT )
Жел 01, 2023 20:22 Asia/Almaty
  • Иран делегациясы Дубайдағы климаттың өзгеруі жөніндегі конференциядан шығып кетті

Энергетика министрі бастаған ИИР делегациясы сионистік режим өкілінің Дубайда өтіп жатқан климаттың өзгеруіне арналған халықаралық CUP 28 конференцияға қатысуына наразылық ретінде осы конференциядан шығып кетті.  

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше (бейсенбі) Әли Акбар Мехрабиан Иран Президентінің өкілі ретінде климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияға  қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды. Сионистік режимнің қайраткерлерінің бұл саммитке қатыспайтыны туралы ақпарат жарияланып, саяси жаңалықтар мен талдаулар бұл режимнің Газадағы қылмыстардан кейін бұл оқиғаға қатысу қаупін қабылдамайтынын көрсеткен болатын.

Мехрабиан конференциядан шығып бара жатып: «CUP 28 қатысу үшін 150-ге жуық елдің басшылары шақырылды және  шақырылғандардың едәуір бөлігі, оның ішінде сионистік режимнің қайраткерлері де осы конференцияға қатыспайды деген болжам айтылған",- деді. 

Иранның Энергетика министрі: «Иран Ислам Республикасының делегациясы осы конференцияның маңыздылығын ескере отырып, климаттың өзгеруі туралы конвенцияға арналған халықаралық конференцияға қатысу мүмкіндігін пайдаланып, шарттарды түсіндіру, әртүрлі елдердің билік орындарымен келіссөздер жүргізу және оларды қорғауды көздеді. Бірақ елдердің басшылары мен ресми тұлғалары сөз сөйлейтін күні жарияланған жаңалықтарда сионистік режим басшысынығ климаттың өзгеруі конференциясы өтіп жатқан қалаға сапары және оның осы конференцияға қатысуы туралы хабарланды. Осыған сүйене отырып, ИИР делегациясы жалған сионистік режимнің климаттың өзгеруі жөніндегі конференцияда саяси қатысуын осы конференцияның мақсаттары мен нұсқауларына қайшы деп санап, наразылық ретінде конференцияны тастап кетті",- деп мәлімдеді.