Гутерриш: Газада әскери операциялардың қайта басталуы өте өкінішті
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы сионистік режимнің уақытша атысты тоқтату келісімінің мерзімі біткен соң және оның жаңартпауынан кейін Газа секторына шабуылдарын қайта бастауына реакция білдірді.
Al Jazeera агенттігінің келтірген хабарына қарағанда, Гутерриш бүгін (жұма) былай деді: "Газада әскери операциялардың қайта жандануы мен үшін өте өкінішті және мен әлі де гуманитарлық атысты тоқтатудың ұзартылуы мүмкін деп үміттенемін".
Сондай-ақ, Катар Сыртқы істер министрлігі бүгін (жұма) мәлімдемесінде: "Катар уақытша атысты тоқтату келісімі аяқталғаннан кейін оны ұзарту туралы келісімге келмей, Израильдің Газа секторына шабуылдарын қайта бастағанына қатты өкініш білдірді",- деді. Катардың Сыртқы істер министрлігі сионистік режим мен палестиналық тараптардың уақытша атысты тоқтатуды қалпына келтіру туралы келіссөздерінің жалғасып жатқанын хабарлады.
Ақпарат көздері бүгін таңертең гуманитарлық атысты тоқтату аяқталғаннан бері Газа секторында 100-ден астам адамның шәһид болғанын және ондаған адамның жараланғанын хабарлады.