Жел 03, 2023 14:55 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Газада сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату керегін айтты

Иран Сыртқы істер министрі Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысымен телефон арқылы сұхбатта сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату керегін айтып: "Тез арада сионистік режимнің Газа халқына әскери шабуылдары тоқтатылып, гуманитарлық көмектер жіберуге жағдай жасалуы тиіс",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Жозеп Боррельмен сұхбатында сионистік режимнің палестиналықтарды өз жерінен мәжбүрлі түрде көшіріп жіберуді жоспарлап отырғанын ескертіп: "Қазіргі жағдайдың тамыры сионистік режимнің басқыншылығынан бастау алады. Израиль режимінің Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауына қарсы соғыс қылмыстарын доғармаған жағдайда аймақта соғыс ауқымы кеңейе түсуі мүмкін",-деді.

Амир Абдуллахиан АҚШ-тың қолдау саясатын сионистік режимді Газаға әскери басқыншылықтар жасап, бейбіт тұрғындарды қырып-жоюға және соғысты жалғастыруға ынталандырып отырған фактор деп атады.

Жозеп Боррель: "Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қақтығыстар тез арада тоқтатылуы тиіс",-деді.

Жозеп Боррель: "Еуроодақ Израильді халықаралық заңдарға құрметпен қарауға міндеттеуге тырысады",-деді.   

Тегтер