Мохсени Ежеи: Қарсыласу күштері сионистердің зұлымдығы мен қылмыстарының тамырын жояды
Иран Жоғары сотының төрағасы қарсыласудың басыла қалатын қозғалыс емес екенін айтып: "Қарсыласу күштері сионистердің қуғын-сүргіні, зұлымдығы мен қылмыстарының тамырын жояды. Қылмыскерлер істеген істерінің сазайын тартатын болады",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мохсени Ежеи кеше, сәрсенбі Теһранда Ирактың Жоғары сот кеңесінің мүшесі Ләйс Джабр Хамзамен кездесіп, сионистердің Газа секторындағы Палестина халқына қарсы айуандық қылмыстарының көлеміне тоқталып: "Өкінішке қарай, Газа мен Палестина халқы адамзатқа қарсы ауыр қылмыстарға ұшырап отыр. Сионистік режим АҚШ және Батыстың кейбір елдерінің қолдауымен күндіз-түні жаппай қырып, адамзатқа қарсы қылмыс жасап жатыр",-деді.
Ирактың Жоғары сот кеңесінің мүшесі сионистік режимнің қылмыстарына қарсы халықтың арыз-шағымдарын бейнекамераға түсіріп, құжаттап, деректі фильм жасауды маңызды мәселе деп атап: "Иран Жоғары сотының төрағасы Ирактың Жоғары сот кеңесіне жазған хатында көтерілген мәселелерді орындау мақсатында Ирактың барлық сот мекемелеріне сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарына қарсы халықтың арыз-шағымдарын қабылдауға қажетті механизм дайындап, жағдай жасауға тапсырма берілді",-деді.