Жел 07, 2023 19:05 Asia/Almaty
  • Иран – Қазақстанның Еуропаға тауар тасымалдауына тиімді жаңа бағыт

Қазақстан Көлік министрінің орынбасары: "Еуропаға тауар тасымалдау үшін Түркіменстан-Иран бағытын қолданамыз. Бұл сенімдірек әрі арзанырақ",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Көлік министрінің орынбасары: "Астана үкіметі Еуропаға тауар тасымалдау үшін оңтүстік бағытты қолданатын отандық тасымалдаушыларға уақыт тұрғысынан сенімді транзитке кепілдік алу мақсатында Иран және Түркіменстан үкіметтерімен келіссөздер жүргізді",-деді.

Қазақстан Көлік министрінің орынбасары: "Біз әріптестік жасауға мәжбүрміз. Өйткені Беларусь пен Еуропа елдері арасында бар 13 аялдаманың 8 бақылау-өткізу пункті әлі күнге дейін жабық",-деді.

Сәтжан Аблаев: "Ресей мен Финляндия арасындағы барлық өткізу пункттері де жабық. Беларусь тарапының айтуы бойынша, Еуропаның бақылау-өткізу пункттері өздерінің стандартты сыйымдылығының 40 пайызымен ғана жұмыс істеп тұр. Осыған байланысты Беларусь-Литва және Беларусь-Латвия шекараларында тұрған қазақстандық жүк көліктерінің саны арту үстінде",-деді.

Сәтжан Аблаев: "Ресей мен Беларусьтың Еуропа елдерімен шекараларындағы барлық бақылау-өткізу пункттері жабылғаннан кейін Түркіменстан-Иран бағытын пайдалану күн тәртібіне қойылып отыр",-деді.

Аблаевтың айтуынша, кейінгі кездегі қиыншылықтарға қарамастан жалпы кейінгі жылдарда Еуропа елдерімен экспорттық және импорттық тауарлар тасымалында оң үдеріс болды.

Беларусьтың облыстық шекаралық комитеті сейсенбі күні: "3 мыңнан аса жүк көлігі Еуроодаққа шығуды күтіп кезекте тұр",-деп хабарлады.

Тегтер