Ирактың қарсыласу тобы Сириядағы АҚШ әскери базасын нысанаға алды
Ирактың қарсыласу тобы дүйсенбі күні: "Кейінгі күндерде бірнеше рет Сириядағы АҚШ-тың тағы бір әскери базасын нысанаға алдық",-деді.
Кеше кешке де кейбір ақпарат көздері Сирияның солтүстік-шығысындағы әл-Хасака облысының оңтүстігінде орналасқан Эш-Шаддад қаласындағы АҚШ-тың әскери базасына дрон және зымыранмен шабуыл жасалғанын хабарлады.
Ирактың қарсыласу тобы сондай-ақ Сирияның Голлан жотасында сионистердің бір позициясын дронмен нысанаға алды.
Ирактың Хизбулла батальондарының бас хатшысы Әбухұсейн әл-Хамидави бірнеше күн бұрын жасаған мәлімдемесінде: "АҚШ Иракта басқыншылығын тоқтатпайынша, бұл елдің әскери базаларына шабуылдар жалғаса береді. Қанша адам шығыны болса да, тоқтамауға шешім қабылдадық",-деді.