Қорғаныс министрі: Иран Ресейден С-400 зымырандық кешенін алуды қаламайды
Иранның Қорғаныс министрі ИИР-ның Ресейден С-400 зымырандық кешенін алуды қаламайтынын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Хосейн Деһқан Ливан Хезболласының Теһрандағы кеңсесінде шәһид сейед Мұстафа Бадреддинді еске алу рәсімі аясында тілшінің «Иран Ресейден С-400 зымырандық кешенін алуды қалайды ма?» деген сұрағына Иранның Ресейден С-400 зымырандық кешенін алуды қаламайтынын мәлімдеді.
Иранның Қорғаныс министрі шәһид Бадреддиндің қасиеттері жайында: «Ол талмас күрескер, мықты қолбасшы, ержүрек жауынгер және нағыз хезболлашы болды»,-деді.
Сардар Деһқан Хан-Туман аймағындағы жағдай жайлы: «Сирия үкіметі мен қарсыласу қозғалысы атысты тоқтату бітіміне қатысты міндеттемелеріне берік болды, бірақ «ән-Носрат майданы» мен оның қол астындағы тәкфиршіл топтар атысты тоқтату бітімін бұзып, Хан-Туманға шабуыл жасады. Жауынгерлердің Хан-Туманды қайтарып алатыны сөзсіз. Болашақ мұны көрсетеді»,-деп баса айтты.