Путин: Батыс – Ресейдің дұшпаны
Ресей Президенті дүйсенбі күні бір әскери ауруханада ресейлік сарбаздармен кездесуінде: "Батыста кейбіреулер Ресейді беске бөлуді қалайтындарын ашық айтады",-деді.
Путин "Вишневский" әскери ауруханасында ресейлік сарбаздармен кездесуінде: "Украина біздің дұшпанымыз емес, керісінше бізге стратегиялық жеңілісті таңғысы келетіндер – дұшпан",-деді.
"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин: "Батыс – Ресейдің дұшпаны. Олар Украинаның қолымен өз қиыншылықтарын шешуге тырысып жатыр. Батыста кейбіреулер Ресейді беске бөлуді қалайтындарын ашық айтады",-деді.
Ресей Президенті Батыста Украина дағдарысы туралы дискурстың өзгере бастағанын, олардың соғысты аяқтау жолын іздестіріп жатқанын айтып: "Ресей де Украинада қақтығыстарды тоқтатуды қалайды, бірақ өз шарттарымыз сақталуы тиіс",-деді.