БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Керманда болған лаңкестік шабуылды қатаң айыптады
(last modified Fri, 05 Jan 2024 14:39:05 GMT )
Қаң 05, 2024 20:39 Asia/Almaty
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Керманда болған лаңкестік шабуылды қатаң айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өз мәлімдемесінде осы шабуылды жасағандар, оларға қаржылай көмек бергендер жауапқа тартылуы керегін айтты.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Керманда болған лаңкестік шабуылды ұйымдастырушылар мен қамтамасыз етушілерді қатаң айыптап, Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Халықаралық ұйымдар, Еуроодақ, саяси орталар, түрлі елдердің саяси және діни жетекшілері ресми түрде мәлімдеме жасап, Керманда болған лаңкестік оқиғаны айыптап, Иран халқы мен құрбандардың жанұяларына көңіл айтты.

ДАИШ лаңкестік тобы осы шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.  

Тегтер