Иран мұнайын Қытайға сатудың тоқтатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Иран мен Қытай ортақ сауда палатасының төрағасы: "Иран мұнайын Қытайға сатудың тоқтатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды",-деді.
Reuters ақпарат агенттігі Иранның Қытайға мұнай жөнелтуін тоқтатқанын хабарлады. Өйткені Теһран өзінің басты клиентінен жоғарырақ баға сұраған. Сөйтіп әлемде шикі мұнайды ең көп импорттайтын елге ұсынатын арзан мұнай көлемін азайтқан.
Келпер институтының хабарлауынша, 2023 жылы қараша айында Ираннан Қытайға 1,5 млн баррель мұнай экспортталған.
Иран мен Қытай ортақ сауда палатасының төрағасы Маджид Реза Харири IRNA-ға берген сұхбатында: "Қауесет тудыру Иран мұнайын сатуға әсер етпейді. Санкциялық жағдайда Иран мұнайы максималды деңгейде экспортталып жатыр",-деді.