Мәскеу Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын  өткізуге шақырды
(last modified Fri, 12 Jan 2024 13:36:15 GMT )
Қаң 12, 2024 19:36 Asia/Almaty
  •  Мәскеу Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын  өткізуге шақырды

Бүгін (жұма) Ресей америкалық-британдық күштердің Йеменге шабуылдарына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл жиналысқа шақырды.

 

ИРНА-ның жұма күнгі хабары бойынша, Йеменнің "26 қыркүйек" ақпарат сайты Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің Telegram-каналына сілтеме жасап, Мәскеудің АҚШ пен Ұлыбританияның шабуылдарына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 12 қаңтарда Йемен бойынша шұғыл отырысын өткізуді талап еткенін  мәлімдеді. АҚГ пен Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарынан кейін   бейсенбі күні түнде Йемендегі Ансаролла позицияларына шабуыл жасады.

Ақпарат көздері жұма күні таңертең Йемен ұлттық армиясының АҚШ пен Ұлыбританияның осы елге қарсы әуе шабуылына жауап ретінде Қызыл теңіздегі АҚШ-қа тиесілі нысананы нысанаға алғанын хабарлады.  

 

Тегтер