Иран Сыртқы істер министрі Давос форумы аясында Пәкістан премьер-министрімен кездесті
(last modified Wed, 17 Jan 2024 12:07:13 GMT )
Қаң 17, 2024 18:07 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Давос форумы аясында Пәкістан премьер-министрімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Давос саммиті аясында Пәкістанның Уақытша үкіметінің премьер-министрі Анвар әл-Хақ мырзамен кездесіп: «Екі ел басшыларының мақсаты сауда байланыстарының көлемін 5 миллиард долларға жеткізу",- деді.

 

 

Иран Сыртқы істер министрі екі ел арасындағы қарым-қатынастардың өсу үрдісіне ризалығын білдіріп: "Екі ел басшыларының мақсаты – сауда байланысының көлемін 5 миллиард долларға жеткізу болса, қазіргі сауда қатынасын 2,5 миллиард долларға жеткізсек, ортақ күш-жігермен ортақ мақсаттарға қол жеткізу қажет",- деп айтты. Амирабдуллахиан екі елдің шекаралық нарықтарының нығаюын құптап, Иранның Пәкістанмен энергетика, мұнай, газ және электр қуаты салаларында ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Иран Сыртқы істер министрі халықтар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету және ирандық және пәкістандық кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Теһран мен Исламабад арасында ортақ және тікелей әуе рейсін құру қажеттігін баса айтты.

Пәкістанның премьер-министрі Анвар ул Хак Иран Президентіне өзінің ыстық сәлемін жолдап, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды өте маңызды деп атап, Исламабадтың Теһранмен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын білдірді.

 

Тегтер