Амир Абдуллахиан: Иран Пәкістанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатты көңіл бөледі
(last modified Thu, 18 Jan 2024 07:55:15 GMT )
Қаң 18, 2024 13:55 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран Пәкістанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатты көңіл бөледі

Иран Сыртқы істер министрі Пәкістан Сыртқы істер министрімен сұхбатында Теһран үкіметінің осы дос, бауырлас әрі көрші елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтінін айтып: "Иран Пәкістанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатты көңіл бөледі",-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні кешке Пәкістан Сыртқы істер министрі Джалил Аббас Джиланимен телефон арқылы сұхбатында Пәкістанның қауіпсіздігін ИИР-дың қауіпсіздігі деп атап, екіжақты мәселелерде, соның ішінде лаңкестік топтармен күрес саласында Теһран-Исламабад диалогын  жалғастырудың маңызды екенін айтып, екі елдің әскери-қауіпсіздік басшылары арасында өткен көптеген келіссөздерге тоқталып: "Қауіпсіздік саласында мықтырақ әріптестік жасау үшін және екіжақты қатынасты дұрыс жолға бағыттау мақсатында пікір алмасулар жалғасады",-деп үміт білдірді.

Амир Абдуллахиан: "Джейш ул-зұлым" – екі елдің қауіпсіздігіне қарсы әрекет етіп отырған лаңкестік топ. Бұл топ Пәкістан жерінен Иранның қауіпсіздігіне талай рет қатер төндіріп, Иранда жасалған лаңкестік әрекеттерге жауапкершілікті өз мойнына алды",-деді.

Пәкістан Сыртқы істер министрі  де екі елдің ортақ арман-мақсаттары, бір-бірін қорғаған жағдайлары және лаңкестікке қарсы күресіне тоқталып: "Иранның қауіпсіздігі – Пәкістанның қауіпсіздігі. Пәкістан жерінен Иранға қоқан-лоқы  жасалғанда Исламабад үкіметі бұған қарсы шара қолданып келеді",-деді.

Джалил Аббас Джилани сондай-ақ Иран мен Пәкістанның ынтымақтастық салаларының көптігіне тоқталып, Теһран үкіметінен екі елдің әріптестігін нығайту үшін Пәкістан жеріндегі лаңкестік топтар туралы мәліметтерді Исламабад үкіметіне беруді сұрады.

Тегтер