Амир Абдуллахиан Давос форумы аясында бірнеше кездесу өткізді
Иран Сыртқы істер министрі Давос форумы аясындағы кездесулерінің жалғасында сәрсенбі күні Сауд Арабиясы, Словения, Ұлыбритания, Грузия Сыртқы істер министрлері және Армения Президентімен кездесіп, сұхбаттасты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Давос форумы аясындағы дипломатиялық кездесулер мен екіжақты диалогтардың жалғасында сәрсенбі күні Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханмен жүздесіп, сұхбаттасты. Бұл кездесуде екіжақты мәселелер, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастық, аймақтық тақырыптар, соның ішінде Палестинадағы өзгерістер мен Газаға қарсы соғыстың соңғы жағдайы талқыланды.
Амир Абдуллахиан Словения Сыртқы істер министрі Таня Файонмен кездесіп, одан екі елдің сауда-экономикалық әріптестігін нығайтуды сұрап, екі ел жеке секторларының сауда қатынасын арттыру керегін айтты.
Словения Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен кездескеніне ризалық білдіріп, өз үкіметінің Керманда болған лаңкестік әрекетті айыптайтынын жеткізіп, Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.
Таня Файон сондай-ақ Газадағы өзгерістерге алаңдаушылық білдіріп, өз елінің бұл соғысқа қарсы екенін айтып, өз үкіметінің ұстанымы ретінде Газада қатыгездікті тоқтату керегін мәлімдеді.
Амир Абдуллахиан сондай-ақ Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Камеронмен кездесіп, екіжақты және аймақтық мәселелерді талқылады.
Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Грузия Сыртқы істер министрі Илья Дарчиашвили және Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен де кездесті.