Пентагон: Йемендіктермен қақтығысуды қаламаймыз
Қаң 19, 2024 17:55 Asia/Almaty
АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі: "Вашингтон Иранмен де, Йеменмен де қақтығысуды қаламайды",-деді.
АҚШ Президенті Джо Байден Йеменнің Ансаролла қозғалысына қарсы шабуылдардың тиімсіз болғанын мойындаса да: "Шабуылдар жалғасады",-деді.
АҚШ пен Ұлыбритания бейсенбі күні таңертең Йеменнің Ансаролла қозғалысының позицияларына қарсы төртінші рет шабуыл жасады. Йеменнің бірнеше қаласы мен ауданы АҚШ пен Ұлыбритания теңіз күштерінің әскери кемелері тарапынан атқыланды.
АҚШ өткен жұмада алғаш рет шабуыл жасағанда Йеменнің Ансаролла қозғалысының әскери дайындық нысандары, әуе базалары мен дрондар қоймасын нысанаға алғанын жариялады.