FATF Иранның өтінішін қабылдады
(last modified Mon, 22 Jan 2024 13:55:39 GMT )
Қаң 22, 2024 19:55 Asia/Almaty
  • FATF Иранның өтінішін қабылдады

Қаржы шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының (FATF) жетекшісі Иранның өтінішін қабылдап: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қатысты стандарттарға енгізілген өзгерістер мен түзетулерді осы ұйымға мүше барлық елдер мен Халықаралық ақша жылыстатуға қарсы күрес агенттігіне жариялаймыз",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Қаржы және экономика министрі сейіт Эхсан Хандузи Қаржы шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының (FATF) жетекшісіне наразылық хатын жолдап, ИИР-дың қаржылық ақпарат орталығы Иранның атын БҰҰ стандарттары мен №7 нұсқаулығынан алып тастауға талпыныс жасағаннан кейін ақырында Қаржы шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының (FATF) жетекшісі ресми хатта Иранның өтінішін қабылдап: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қатысты өз стандарттарына енгізілген өзгерістер мен түзетулерді осы ұйымға мүше барлық елдер мен Халықаралық ақша жылыстатуға қарсы күрес агенттігіне жариялаймыз",-деп мәлімдеді.

Иран үкіметі мен Ақша жылыстату және лаңкестікті қаржыландырудың алдын алу кеңесі өз халқының құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қаржы шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына осындай талап қойды.