Газада медициналық дағдарыс күшейді
(last modified Mon, 22 Jan 2024 15:26:28 GMT )
Қаң 22, 2024 21:26 Asia/Almaty
  • Газада медициналық дағдарыс күшейді

БҰҰ: "Газа секторында медициналық жағдай нашарлап, таза су мен азық-түлік тапшылығының күшеюі салдарынан жұқпалы аурулар кең таралып жатыр",-деп ескертті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Газада жұқпалы аурулардың таралғанына тоқталып: "Газа тұрғындары осындай аурулармен күресу үшін медициналық күтімге зәру болып отыр",-деді.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, лагерлерде адамның көптігінен 8 мыңнан аса адам гепатит А вирусын жұқтырған.  

Газадағы ауруханалардың зертханалары мүмкіндік болмағандықтан сынақ жүргізе алмайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Аданом Гебреисус  "Х" әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Палестиналық босқындар арасында мыңнан аса адамның сары ауруға шалдыққаны байқалады",-деп жазды.

БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесінің хабарлауынша, 60 мыңға жуық жүкті әйел түрлі аурулардың салдары байқалған жағдайда жеткілікті күтім ала алмау қаупіне ұшырап отыр. Сол себепті соғыс басталғалы бері мезгілінен бұрын босану және түсік тастауға қатысты жүздеген факті тіркелді.