Сирияның шығысындағы АҚШ базасына шабуыл жасалды
Қаң 24, 2024 17:41 Asia/Almaty
Сирияның Дейр-оз-Зор облысындағы Конико газ кенішінде орналасқан АҚШ базасына зымырандық шабуыл жасалды.
Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауынша, АҚШ-тың Ирак жеріне әскери басқыншылық жасағанынан бірер сағат өткен соң жергілікті ақпарат құралдары Сирияның шығысындағы АҚШ базасында жарылыстың дыбысы естілгенін хабарлады.
Бұл шабуылға жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына алған жоқ. Ықтималдың шығынның көлемі туралы ақпарат тарамады.
Ирактың исламдық қарсыласу күштері осы күнге дейін Сирияның шығысы мен солтүстігіндегі және Ирактың солтүстігіндегі АҚШ-тың базаларына дрон және зымыранмен ондаған рет шабуыл жасады.
Тегтер