Амир Абдуллахиан: Палестина халқында таңдау құқығы болуы керек
(last modified Fri, 26 Jan 2024 07:39:22 GMT )
Қаң 26, 2024 13:39 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Палестина халқында таңдау құқығы болуы керек

Иран Сыртқы істер министрі: «БҰҰ-ның көмегімен Палестина халқында таңдау құқығы болуы керек. Мұны палестиналықтардың барлығы қатысатын референдум өткізу арқылы орындауға болады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапары аясында Al-Monitor агенттігіне берген сұхбатында Иранның Палестина мәселесіне қатысты саясатын баяндап, соғыстан кейінгі Газаны өте маңызды тақырып деп атап, соғыстан кейінгі Газаға қатысты кез келген шешімді палестиналық жетекшілер қабылдауы керегін айтып: «Палестиналық палестиналықпен» атты дилаогтар жүргізілуі тиіс. Олар осы келіссөздер арқылы Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауын басқару тәсілі туралы бір нәтижеге жетулері керек»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясының Палестинаны өз сыртқы саясатының басты бағыты деп жариялағанын айтып: «Израильдің кейінгі әрекеттері осы режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруды ауырлатып, күрделендіріп жіберді. Қазіргі жағдайда Израильмен қарым-қатынасын қалыптандырғысы келетін кез келген ел ауыр құн төлейді»,-деді.  

Амир Абдуллахиан Теһран мен Бағдат қарым-қатынасын мықты әрі үздік байланыс деп мәлімдеп, Иран мен Ирак арасындағы қауіпсіздік келісіміне тоқталып, Иранның жуырда Ирактың Күрдістан аймағында орналасқан лаңкестердің позициясын нысанаға алуын халықаралық заңдар аясында өзін заңды түрде қорғау құқығын пайдалану деп атап: «Иран өз қауіпсіздігіне келгенде ешкіммен сыпайысып тұрмайды»,-деді.

Тегтер