Астана отырысында Иран, Ресей мен Түркия ортақ мәлімдеме жасады
(last modified Fri, 26 Jan 2024 07:41:46 GMT )
Қаң 26, 2024 13:41 Asia/Almaty
  • Астана отырысында Иран, Ресей мен Түркия ортақ мәлімдеме жасады

Астана отырысында Иран, Ресей мен Түркия ортақ мәлімдеме жасап, сионистік режимнің Палестина халқына қарсы шабуылдарын шұғыл түрде тоқтатып, Газаға гуманитарлық көмек жеткізу керегін баса айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран, Ресей мен Түркияның өкілдері бейсенбі күні 21-ші Астана отырысында ортақ мәлімдеме жасап, сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарын тоқтату керегін айтып, Палестина мен Израиль қақтығысының Сириядағы жағдайға теріс әсер етіп жатқанын ескертті.

Мәлімдеменің жалғасында қарулы қақтығыстар аймағының ұлғаюына жол бермей, Иран, Ресей мен Түркиямен бірге аймақтың басқа елдерінің «тез арада атысты тоқтату және барлық тараптардың халықаралық заңдарға сәйкес өз міндеттемелерін орындауы» туралы қарарды жүзеге асыру сұралды.

Астана отырысының мәлімдемесінде Иран, Ресей мен Түркия Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығының берік сақталуына, БҰҰ жарғысында жазылған принциптердің орындалуына қатысты міндеттемелерін орындайтынын айтып: «Лаңкестікке қарсы күресу және гуманитарлық көмектерді кедергісіз жеткізу мақсатында Түркия мен Сирияның қарым-қатынасын өзара құрмет пен тату көршілестік принциптері негізінде қайта жандандыруға бағытталған талпыныстар жалғаса беруі керек»,-деп еске салды.